«Саналы ұрпақ» шеңберінде

http://»Саналы ұрпақ шеңберінде

Колледжімізде 9-19 ақпан аралығында өскелең жас ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды тәрбиелеу мақсатында «Саналы ұрпақ»клубы шеңберіндеонкүндік өткізілді. Бұл үрдіске апталықтың іс шараларын іске асыру шеңберінде «Саналы ұрпақ» кеңсесі әзірлеген тағылымдама оң тәжірибе ықпал етті. Әл-Фарабидің «Қайырымды қоғам туралы» ілімі елдің азаматтары қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Бұл жас ұрпаққа парасаттылық, адалдық, әділдік, адамгершілік, сатқындыққа жол бермеу, сенімділік және басқа да ізгіліктерді дарыту бойынша біртұтас процесс ретінде білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін ұйым. Бұл жерде жастар парасаттылық мәдениетінің қалыптасу тарихын, оның моральдық-адамгершілік және психологиялық негіздерін таниды және кәсіптегі, қызметтегі жариялылық, қоғамдық-саяси өмірдегі парасаттылық пен ізгілік құндылықтарына негізделген тиімді мінез-құлық модельдерін үйренеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және қоғамға қызмет ету саласында маңызды құзыреттіліктерге ие болады. 12.02.2021болып табылады. жасөспірімдердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжішілік жылдық жоспарға сай «Саналы ұрпақ» клубы, мұғалім- психолог Д.К.. Асанованың ұйымдастыруымен «Баланың жақсы азамат болып өсуі үшін ата-аналар балаға нені үйрету керек?» тақырыбында ата-аналар арасында сауалнама өтті. Сондай-ақ, куратор және жатақхана меңгерушісі О.О.Занинаның тобында «Честность» («Адалдық»)- тәрбие сағаты өткізіліп, «Әмиан жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігіқай елде басым»тақырыбында арнайы дайындалған бейнеролик (https://youtu.be/BtWBsMb-IIM) көрсетілді. Студенттер үшін арнайы әзірленген парасаттылық пен ізеттілікті және де өзін-өзі бағалау бойынша дәріс-тренинг жасалып, нәтижесінде студенттер арасында эссе жазудан байқау өткізілді. Еңүздік эссе жазған 3ПО-19 тобы студенті Нұрсолтанова Жанерке. Апталық қорытындысы бойынша студенттік ортада әдептілікті арттыруға бағытталған тәрбие беру әдістемелерін енгізу бойынша нақты ұсыныстар жасалды. «Саналы ұрпақ» клубының жұмысы әділ, парасатты азамат болуларына баулиды. Оларға колледж оқытушылары, тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер дәрістер оқылып, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, кездесулер жоспарлануда. Әлеуметтік педагог: Тюстюкпаева Р.К..

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған