Антикор. Live туралы ақпарат

Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжіндегі«Антикор. Тікелей эфир«жобасы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып отырған шаралардың барлығы осы саладағы Қазақстан Республикасының нормативті –құқықты актілерінің негізіне жүгеніп, онда жүргізіліп отырылатын өзгерістер дер кезінде меңгерілуде. Аталған мекемеде директермен бекітілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жоспары бар, іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде.Жемқорлыққа қарсы тұру комиссиясы құрылған. Сонымен қатар колледжде 26.08.2020 ж жемқорлыққа қарсы стандарт тағайындалып,оның мақсаты –ұжымда тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде байқап,салдарын анықтап, жемқорлыққа қарсы нақты қылыққа баулуболып табылады. Жемқорлыққақарсы стандарттың принциптері: заңдылық,мөлдірлік,этикашылық және заңды ,жеке тұлғалармен жұмыс жүргізген кезде олардың құқұқтарын қорғап , сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Колледжде Этика Кодексі тағайындалып этика жайлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылған.Комиссия құрамында студенттерден,жұмыспен қамтамасыз етушілерден, демеушілерден, ата-аналар және өкіметтік емес ұжымдардан тағайындалған мүшелер бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету сапасын көтеру щаралары қарастырылып отырылады. Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға нақты және толық көлемде қызмет ету ақпараттары беріліп , бюракратиялық жолдар болдырмауға тырысамыз. Ақпараттық стенд пен өзін-өзі қызмет ету бұрышы бар. Қызмет көрсету барысында нормативтік құжаттар мен стандарттар сақталынып отырылады. Мемлекеттік қызмет ету кезінде қызмет түріне тиімділік және кірістілік қамтамасыз етілген.

 

2020-2021 жыл оқу басында колледжде «Саналы ұрпақ» клубы ұйымдастырылып оның құрамына 45 студентер кіргізілді. Клубтың негізгі мақсаты болып білім ордасында студенттер мен педагогогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңды сауаттылықты арттырып,оның механизмдерін оқу сапасын күшейтуге пайдалану. Кеңес отырысы 3 айда бір рет ұйымдастырылып отырады. Клубтың жұмысы жоспарланып, іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп отырылады.Колледжімізде 9-19 ақпан аралығында өскелең жас ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды тәрбиелеу мақсатында «Саналы ұрпақ»клубы шеңберіндеонкүндік өткізілді.

Бұл үрдіске апталықтың іс шараларын іске асыру шеңберінде «Саналы ұрпақ» кеңсесі әзірлеген тағылымдама оң тәжірибе ықпал етті.

Әл-Фарабидің «Қайырымды қоғам туралы» ілімі елдің азаматтары қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Бұл жас ұрпаққа парасаттылық, адалдық, әділдік, адамгершілік, сатқындыққа жол бермеу, сенімділік және басқа да ізгіліктерді дарыту бойынша біртұтас процесс ретінде білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін ұйым.

Бұл жерде жастар парасаттылық мәдениетінің қалыптасу тарихын, оның моральдық-адамгершілік және психологиялық негіздерін таниды және кәсіптегі, қызметтегі жариялылық, қоғамдық-саяси өмірдегі парасаттылық пен ізгілік құндылықтарына негізделген тиімді мінез-құлық модельдерін үйренеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және қоғамға қызмет ету саласында маңызды құзыреттіліктерге ие болады.

23-20 наурыз аралығында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» акциясы барысында колледжде «Туралықты тұғыр еткен Төле Би» атты сынып сағаттары онлайн түрде барлық топтарда өткізілді.

12.02.2021болып табылады. жасөспірімдердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжішілік жылдық жоспарға сай «Саналы ұрпақ» клубы, мұғалім- психолог Д.К.. Асанованың ұйымдастыруымен «Баланың жақсы азамат болып өсуі үшін ата-аналар балаға нені үйрету керек?» тақырыбында ата-аналар арасында сауалнама өтті.

 

р / с Опция Саны

Пайыз
1 Өтірік айтпауды үйрету 34 68
2 Патриоттық сезімді дамыту 14 28
3 Баланың бойында адамсүйгіштікті қалыптастыру 10 20
4 Үлкенді сыйлауды ұғындыру 8 16
5 Әрқашан көмекке келуді қалыптастыру 12 24
6 Мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу 10 20
7 Өзін- өзі қорғай білуді үйрету 12 24
8 Өзінің істеген ісіне жауапкершілік алуды қалыптастыру 26 52
9 Өз ойыңызды жазуға болады

 

Сондай-ақ, барлық топтарда «Честность» («Адалдық»)- тәрбие сағаты өткізіліп, «Әмиан жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігіқай елде басым»тақырыбында арнайы дайындалған бейнеролик (https://youtu.be/BtWBsMb-IIM) көрсетілді.

Студенттер үшін арнайы әзірленген парасаттылық пен ізеттілікті және де өзін-өзі бағалау бойынша дәріс-тренинг жасалып, нәтижесінде студенттер арасында эссе жазудан байқау өткізілді. Еңүздік эссе жазған 3ПО-19 тобы студенті Нұрсолтанова Жанерке. Апталық қорытындысы бойынша студенттік ортада әдептілікті арттыруға бағытталған тәрбие беру әдістемелерін енгізу бойынша нақты ұсыныстар жасалды.

«Саналы ұрпақ» клубының жұмысы әділ, парасатты азамат болуларына баулиды. Оларға колледж оқытушылары, тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер дәрістер оқылып, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, кездесулер жоспарлануда. Наурыз айында колледжде жемқорлыққа қарсы«AntiParaCraft» квестжобасында , «Оқу процесіндегі сыбайлас жемқорлыққа берілетін жолдарды көрсету және оларды болдырмау » атты бейнеороликтер мен презинтациялар сайысы интер активті ойын түрінде 1 курстың 3 тобында ұйымдастырылып, нәтижесіндежеңімпаз командалар анықталып , ауыспалы «Адалдық» кубогын 9ТР тобы жеңіп алды. Сондай –ақ жүлделі орындар анықталынып, жеңімпаздарға мадақтамалар мен құрмет грамоталары ұсынылды. Ең үздік студенттке «Адалдық капитан» аты беріліп ,«Саналы ұрпақ» клуб жетекшісі атанды ( Постоева Кристина -9ТР тобы студенті).

Колледж фоесінде офлайн оқу режімі басталғаннан бері «Адалдық дүкені »-«Тауарды таңда ,ақшасын төле және қайтарымын ал»- яғни сатушысыз дүкен ұйымдастырылып бүгінге дейін жұмысын жалғастыруда.Дүкенде оқуға қажет құрал жабдықтар сатылады. Сондай –ақ жатақхана кітапханасында және фоеде «Адалдық кітапхана» орналасқан.

Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәлізде «Стоп коррупция!«, «Жемқорлық тоқта !»стендтері орналасқан . Сыртқы және ішкі кіре

берісте «Сенім қораптары» бар және олар айына бір рет ашылып отырылады.

Колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп отырылған іс –шаралар аталған мекеменің сайтына орналастырылып тұрады . Осы оқу жылы төмендегі беттер жарияланды :

-23-20 наурыз аралығында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» акциясы барысында колледжде «Туралықты тұғыр еткен Төле Би» атты сынып сағаттары;

-Мақала «Саналыұрпақ»;

– Жемқорлыққа қарсы іс-шара мониторинг нәтижесі;

«AntiParaCraft» квестжобасындағы «Адалдық капитан»сайысы;

-«Оқу процесіндегі сыбайлас жемқорлыққа берілетін жолдарды көрсету және оларды болдырмау » атты бейнеороликтер мен презинтациялар.

 

 

 

 

 

Орындаған директордың ТІЖ орынбасары________Скаков Е.О

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған